Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру ережесі өзгерді

12:41, 9 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Еңбек министрі 2024 жылғы 28 желтоқсандағы бұйрықпен "арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзетулермен қазір мемлекеттік қызметті Еңбек министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті көрсететіні көзделген. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін оны Еңбек министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті көрсетеді деп болжанған болатын.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып табылады.

Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады.

Қызмет тегін көрсетіледі:

  • лицензия беру кезінде-15 жұмыс күні;
  • лицензияны қайта ресімдеу кезінде-2 жұмыс күні.

Қандай құжаттар қажет:

  • лицензия алу үшін: өтініш; Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер.
  • лицензияны қайта ресімдеу кезінде: өтініш; ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік бойынша мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкімет шлюзі арқылы алады.

Лицензия беруден бас тартуға негіз болып табылады:

  • көрсетілетін қызметті алушы Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
  • лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
  • сот орындаушысының ұсынысы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салынуы;
  • көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың немесе олардағы мәліметтердің анық еместігі анықталса;
  • көрсетілетін қызметті алушының немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің талаптарға сәйкес келмеуі;
  • мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

Түзетулермен Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі жаңартылды.

Мәселен, өтініш берген кезде құжаттарды қабылдаған күні көрсетілетін қызметті беруші өтінішті көрсетілетін қызметті алушының өтініш берген орны бойынша аумақтық бөлімшеге (Департаментке) қарауға жібереді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), медициналық қызметке лицензия, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өрт қауіпсіздігі саласындағы рұқсат құжаттары туралы мәліметтерді департаменттер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

Департамент құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған кезде өтінішті қабылдаудан және өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы қолхат дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші 1 жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы келіп түскен қолхатты қарайды, ол көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.

ицензия беру үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде департамент 7 жұмыс күні ішінде біліктілік талаптарына және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды және олардың орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға бара отырып, негізгі талаптар тізбесіне сәйкестігін тексереді.

Құжаттарды салыстыру және көрсетілетін қызметті алушыға бару нәтижелері бойынша департамент 2 жұмыс күні ішінде қорытындыны қалыптастырады және оны көрсетілетін қызметті берушінің қарауына ұсынады.

Көрсетілетін қызметті беруші қорытындыны алған күннен бастап департаменттен қорытынды түскен сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде қорытындыны келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тексеруге жібереді.

Лицензия беру туралы оң қорытынды болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші лицензияның электрондық нысанын қалыптастырады.

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі жұмыс күні ішінде қорытындыны тексереді және ЭЦҚ пайдалана отырып электрондық лицензияға не лицензия беруден дәлелді бас тартуға қол қояды.

Бұйрық 2025 жылғы 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!