«Ештеңе төлемейсіздер». Көлік министрлігі желіде тараған сыбысты жоққа шығарды
© Сурет: unsplash
ҚР Көлік министрлігі 8 қаңтарда Өзбекстан территориясына кіргенде қазақстандық тасымалдаушылардан алым алынатындығы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желіде Өзбекстанның территориясына кіргенде қазақстандық тасымалдаушылар арнайы алым төлеуі керек екендігі туралы ақпарат пайда болған.
"2007 жылғы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiміне сәйкес тараптардың тасымалдаушылары алым төлеуден босатылған. Тасымалдаушылар тек ақылы жолдарды пайдаланғаны үшін ғана төлем жасауға міндетті. Бұдан басқа ешқандай алым төлеудің қажеті жоқ", делінген хабарламада.
Бұған дейін Өзбекстан бұқаралық ақпарат құралдары елге кіргені үшін Түрікменстан жүк көліктерінен алынатын алымдарды көбейткенін, сондай-ақ Иран үшін ставкалар нөлге теңестірілгенін хабарлады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:25, 9 қаңтар 2025
Сенаторлар банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
-
13:04, 9 қаңтар 2025
Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
-
12:50, 9 қаңтар 2025
43 миллион теңге алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген қазақстандық Сербияда ұсталды
-
12:45, 9 қаңтар 2025
Атыс және әскери техника: Маңғыстау тұрғындары үшін маңызды ақпарат
-
12:41, 9 қаңтар 2025
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру ережесі өзгерді