Грузияда 9 қаңтар аза тұту күні деп жарияланды
© Сурет: pixabay
Грузия бұл шешімді Абхазияның Галь ауданы Саберио ауылында қызыл жалыннан көз жұмған балаларды аза тұту үшін қабылдады. Өрт салдарынан бір үйдің бес баласы тірідей жанып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Үкімет әкімшілігі мәлімдеді.
"Грузия Үкіметі өрттен қайтыс болған балалардың отбасы мен жақындарына тағы да көңіл айтады", – делінген ақпаратта.
Премьер-Министр Ираклий Кобахидзе қол қойған Үкіметтің қаулысына сәйкес, аза тұту күніне орай Грузия аумағындағы әкімшілік ғимараттарда мемлекеттік тулар түсіріледі.
Саберио ауылындағы қайғылы оқиға 5 қаңтарда болды. Үйдегі қария пеш жақпақ болып, абайсыздықта керосин мен бензиннің құтысын шатастырып алған. Осылайша, ағаштан жасалған үй лезде қызыл жалынға оранған. Көршілері тек қарияны құтқара алды, ол қазір ауруханада ем алып жатыр. Ал, қыршынынан қиылған балалардың ең үлкені сегіз жаста, ал кішкентайы бір жасқа да толмаған. Оларды бүгін, 9 қаңтарда жерлейді.
Бұған дейін ғалымдар ядролық соғыстың салдарын қай мемлекеттер еңсере алатындығын анықтағаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:54, 9 қаңтар 2025
Түркия Сириядағы ықтимал операцияға байланысты жауынгерлік дайындық өткізуде
-
16:14, 9 қаңтар 2025
Грузияның бұрынғы президенті Зурабишвили жаңа жұмысқа орналасты
-
13:01, 9 қаңтар 2025
Қытайда тағы бір індет тіркелді
-
11:35, 9 қаңтар 2025
Чад президенті сарайының маңында атыс болды
-
10:57, 9 қаңтар 2025
Полиция Нельсон Манделаның немересін тұтқындады