БҚО-да тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды кіргізбек болған

20:19, 9 қаңтар 2025

© Сурет: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында тергеу изоляторына тыйым салынған заттардың өтуіне жол берілмеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №74 мекемесінде тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеті тіркелді. Бұл заттар қамауда отырған азаматтардың біріне арналған.

Қамаудағы азаматтың танысы әкелген сәлемдемені тексеру барысында мекеменің тексеріп-өткізу пункті қызметкерлері ерекше иісі бар жасыл түсті марихуана және Altel операторына тиесілі SIM-картаны анықтап, тәркіледі.

Аталмыш заттарды қарақұмық салынған пластикалық ыдыстың ішінде және дәретхана қағазының ішінде жасырып өткізбек болған.

БҚО-да тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды кіргізбек болған, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2025 20:19

Сурет: polisia.kz

Тәртіп бұзушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы дерек бойынша материалдар Орал қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!