Жетісу облысындағы оқу-жаттығуда 18 жастағы жауынгер қаза болды
© Сурет: pexels
Әскерде тағы бір сарбаз көз жұмды. Жетісу облысында оқу-жаттығу кезінде 18 жастағы қатардағы жауынгер оқ жарақатынан қаза болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство қайғылы жағдайдың 14 қаңтар күні Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлімінің даладағы оқу-жаттығу кезінде болғанын растап отыр, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Баспасөз хабарламасында жауынгер қарумен жұмыс істеу кезінде ереже бұзған дейді. 18 жастағы Дастанның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Онда құрлық әскерлерінің бас қолбасшысымен бірге арнайы комиссия құрылыпты.
Командирлері марқұмның қызметін тиянақты атқарғанын, қаруластарының ортасында абыройлы болғанын айтты.
"Ата-анасы мен туған-туысқандардың қайғысын, әрине, жақсы түсінеміз, қайғысына ортақпыз. Әр командирге жауынгердің қазасы — қайғы. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Оларға барлық қажет көмек көрсетіледі".ҚР Құрлық әскерлері баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:50, 17 қараша 2025
БҚО-да екі көлік бетпе-бет соқтығысып, сегіз адам қаза тапты
-
22:29, 17 қараша 2025
Жамбыл облысында қызын балағаттаған ер адам сотталып кете жаздады
-
22:12, 17 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: таеквондошы Бауыржан Хасенов күміс медаль иеленді
-
22:05, 17 қараша 2025
Сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:36, 17 қараша 2025
Тоқаев Мирзиёевке қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, Өзбекстанға жасаған сапарының тарихи мәніне тоқталды





