Алматыда тұман түсіп, күн жылынады, Астанада қар мен боран: 6–8 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
© Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 6, 7 және 8 қаңтарға еліміздің үш ірі мегаполисі бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, Астанада қар, боран және көктайғақ күтіледі, ал Алматы мен Шымкентте тұман түсіп, ауа температурасы біртіндеп жылынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы
- 6 қаңтар: ауыспалы бұлтты, қар жауады, боран соғады, күндіз көктайғақ болады. Жел – оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін. Ауа температурасы: түнде -9…-11°C, күндіз -2…-4°C.
- 7 қаңтар: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан 5–10 м/с. Ауа температурасы: түнде -12…-14°C, күндіз -10…-12°C.
- 8 қаңтар: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен 2–7 м/с. Ауа температурасы: түнде -15…-17°C, күндіз -10…-12°C.
Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы
- 6 қаңтар: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел – оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы: түнде -3…-5°C, күндіз +2…+4°C.
- 7 қаңтар: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел – солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы: түнде -3…-5°C, күндіз +3…+5°C.
- 8 қаңтар: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел – солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы: түнде -3…-5°C, күндіз +3…+5°C.
Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы
- 6 қаңтар: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түседі. Жел – оңтүстік-батыстан 5–10 м/с. Ауа температурасы: түнде -2…-4°C, күндіз +3…+5°C.
- 7 қаңтар: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел – солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы: түнде -3…-5°C, күндіз +4…+6°C.
- 8 қаңтар: бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел – солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы: түнде -1…-3°C, күндіз +4…+6°C.
Бұған дейін Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы жұмыс аптасында ауа райы қандай болмақ екенін жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 6 қаңтар 2026
Туристік жолдамалар мен алтын бұйымдар: Шымкентте көпті шырылдатқан күдікті әйел ұсталды
-
22:46, 6 қаңтар 2026
Венесуаладағы әскери операция Трампқа қарсы импичмент жариялауға түрткі болмақ
-
21:41, 6 қаңтар 2026
Жетісу облысында мұғалімдер шағымынан кейін мектеп директоры жұмысынан шеттетілді
-
21:28, 6 қаңтар 2026
«Тұман, боран, көктайғақ». Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:54, 6 қаңтар 2026
«Ақысын криптовалюта түрінде алған». Ақмола облысында есірткіні жасырын жерге қойып кетуші қолға түсті





