Алматыда такси арыққа түсіп кетіп, жолаушы зардап шекті
© Сурет: Zakon.kz.
Бүгін, 15 қазан күні таңертең Алматыдағы Шығыс айналма жолында, Диваев көшесіне жетпей, солтүстік бағытта келе жатқан BYD Destroyer 05 таксиі арыққа түсіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнебақылау камераларының жазбасынан көліктің кенет оңға қарай бұрылып, тротуармен жүріп өтіп, жолдан шығып кеткені байқалады.
Артынша автомобиль терең арыққа құлап, оның бойымен қозғалысын жалғастырған.
Көлік арықтың үстінен өтетін көпіршеге соғылып барып тоқтаған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан такси жолаушысы зардап шекті. Оның такси қызметінің клиенті болуы мүмкін екені айтылды. Көлікті студент басқарған. Ол түнде такси жүргізіп, қосымша табыс тапқан көрінеді.
Апаттың нақты мән-жайы әзірге белгісіз.
Оқиға орнында болған куәгерлер жолға ит жүгіріп шыққан болуы мүмкін деп болжаған. Себебі көліктің астынан өлі жануар табылған. Алайда жолдағы бейнебақылау камерасы итті түсіріп алмаған.
Сондықтан ит көпірдің астында жатқан немесе сол жерде мекендеген болуы мүмкін деген болжам бар. Сондай-ақ көлікпен бірге көпірдің құлағанынан ит астында қалған болуы мүмкін.
Такси жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Ал жүргізуші ауыр жарақат алмаған.
Бұған дейін Атырауда күтпеген жерден зардап шеккен адамды құтқару оқиғасы туралы жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:14, 15 қазан 2026
«Теңіз деңгейі 20 метрге дейін төмендеуі мүмкін»: Қазақстан аумағындағы Каспийде жаңа аралдар пайда болды
-
12:06, 15 қазан 2026
Скринингтен өту тәртібінде не өзгерді
-
11:58, 15 қазан 2026
Мүлік иелерінің бірлестіктері корпоративтік табыс салығынан босатылмайды
-
11:48, 15 қазан 2026
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысын көтеру туралы қаулы бекітілді
-
11:35, 15 қазан 2026
P. Diddy-дің түрмеде жарақат алуына қатысты жаңа деректер белгілі болды











