Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысын көтеру туралы қаулы бекітілді
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру тарифтерін көтеру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімдігі "Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы" тиісті қаулыны бекітті.
Құжатқа сәйкес, төлем тәсіліне қарай сараланған тариф белгіленеді.
Электронды жол жүру құжаты немесе қосымша электронды төлем сервистері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеген кезде:
- қалалық бағыттарда жол жүру құны – 150 теңге;
- экспресс-бағыттарда – 300 теңге;
- тұрақты әлеуметтік маңызы бар бағыттарда – 150 теңге;
- қала маңындағы бағыттарда әр шақырым үшін – 13 теңге.
Қолма-қол ақшамен төлеген кезде:
- қалалық бағыттарда жол жүру құны – 300 теңге;
- экспресс-бағыттарда – 400 теңге;
- тұрақты әлеуметтік маңызы бар бағыттарда – 300 теңге;
- қала маңындағы бағыттарда әр шақырым үшін – 19 теңге.
Электронды төлем жүйесі істен шыққан жағдайда қолма-қол ақшасыз төлейтін жолаушылар тегін жүреді.
Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Бұған дейін Астана әкімдігі 2026 жылғы желтоқсаннан бастап қоғамдық көлікте қолма-қол ақшасыз төленетін жол жүру ақысын 110 теңгеден 150 теңгеге көтеруді ұсынған еді. Әкімдік мәліметінше, соңғы 12 жылда жол жүру құны бір рет қана қайта қаралған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:38, 15 қазан 2026
Уханьдағы жеңілістен кейін Арина Соболенко Еуропада сынға ұшырады
-
12:27, 15 қазан 2026
Алматыда автобус пен мопед қатысқан жол апатынан әйел қаза тапты: прокуратура істі неге қайта қарауға жіберді
-
12:14, 15 қазан 2026
«Теңіз деңгейі 20 метрге дейін төмендеуі мүмкін»: Қазақстан аумағындағы Каспийде жаңа аралдар пайда болды
-
12:06, 15 қазан 2026
Скринингтен өту тәртібінде не өзгерді
-
11:58, 15 қазан 2026
Мүлік иелерінің бірлестіктері корпоративтік табыс салығынан босатылмайды





