Мүлік иелерінің бірлестіктері корпоративтік табыс салығынан босатылмайды
© Фото: freepik
Премьер-министр Олжас Бектенов мүлік иелерінің бірлестіктерін (МИБ) экологиялық мәдениетті дамыту жобаларына қатысқаны үшін салықтан босату туралы депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол қолданыстағы салық заңнамасында коммерциялық емес ұйымдар саналатын МИБ пен пәтер иелері кооперативтері (ПИК) үшін салық салудың арнайы тәртібі қарастырылғанын атап өтті.
"Осыған байланысты корпоративтік табыс салығынан босатудың жеке нормасын енгізу туралы ұсыныс қолдау таппайды. Дегенмен бұл мәселені Салық кодексіне өзгерістер енгізбей-ақ реттеуге болады. Ол үшін тұрғын үй қатынастары туралы заңнамада МИБ пен ПИК-ке қайталама шикізатты өткізуден түсетін қаражаттың құқықтық мәртебесі мен нысаналы мақсатын айқындау қажет", – делінген жауапта.
Егер МИБ пен ПИК қайталама шикізатты өткізуден түскен қаражатты толық көлемде кондоминиум объектісін басқаруға және күтіп-ұстауға жұмсаса, салық салынатын табыс та, корпоративтік табыс салығын төлеу міндеттемесі де туындамайды.
Бұған дейін Қазақстанда МИБ-тің жаңа басшыларын тіркеу тәртібі өзгеруі мүмкін екенін жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:38, 15 қазан 2026
Уханьдағы жеңілістен кейін Арина Соболенко Еуропада сынға ұшырады
-
12:27, 15 қазан 2026
Алматыда автобус пен мопед қатысқан жол апатынан әйел қаза тапты: прокуратура істі неге қайта қарауға жіберді
-
12:14, 15 қазан 2026
«Теңіз деңгейі 20 метрге дейін төмендеуі мүмкін»: Қазақстан аумағындағы Каспийде жаңа аралдар пайда болды
-
12:06, 15 қазан 2026
Скринингтен өту тәртібінде не өзгерді
-
11:48, 15 қазан 2026
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысын көтеру туралы қаулы бекітілді





