Алматыда субұрқақта көз жұмған бозбаланың өліміне қатысты сараптаманың шықты
© Сурет: видео скрині
Алматыда субұрқақта тоқ ұрып, қаза болды деген жасөспірім өліміне қатысты сарапшылар тоқ етерін айтты. Оңтүстік-Шығыс өңіраралық сот сараптамасы орталығының мамандары бозбала суға тұншығып өлді деген тоқтамға келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сарапшының айтуынша, 17 жастағы жігіт суға түскен кезде тыныс алу жолдары жабылып қалған. Содан туындаған механикалық асфексиядан көз жұмды, дейді мамандар. Мұны зертханадағы тексеріс растап отыр, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Сондай-ақ сарапшы жас жігітті электр тоғының соққан-соқпағанын анықтау мүмкін еместігін түсіндірді.
Еске салайық, қайғылы оқиға 19 маусым күні болған.
17 жастағы мектеп түлегі әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіне ҰБТ тапсыруға келген.
Селфи жасамақ болған жігіт субұрқаққа құлап, оқиға орнында мерт болды.
"Өлім суға батқанда тыныс алу жолдарын су жауып қалып, соның салдарынан туындаған механикалық асфиксиядан болған".Оңтүстік-Шығыс өңіраралық сот сараптамасы орталығы директорының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары Миржан Байсадықов
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:14, 16 желтоқсан 2025
Алматылық «Қайрат» әлемдегі ең үздік 500 футбол клубының қатарына енді
-
19:08, 16 желтоқсан 2025
Ауа райына байланысты бес бағыт бойынша пойызға қосымша орындар ашылды
-
18:52, 16 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің қарындасының патриоттық видеосы желіде қызу талқыланып жатыр
-
18:31, 16 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті
-
18:20, 16 желтоқсан 2025
Ауа райы күрт бұзылады: Астанада, Алматыда және өңірлерде дауылды ескерту жарияланды





