Алматыда отқа оранған екіқабатты ғимараттағы өрт сөндірілді

10:13, 29 маусым 2024

© Сурет: видеодан алынды

ТЖМ Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан екіқабатты ғимараттағы өрт толығымен сөндірілгенін нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ТЖМ күштерімен 150 шаршы метр аумақты алған өрт толығымен сөндірілді", делінген ведомство хабарламасында.

Белгілі болғандай, жиһаз дүкені мен оған жапсарлас орналасқан бір қабатты наубайхана өртенген.

Бұған дейін ТЖМ қалада екі қабатты дүкен өртеніп жатқанын хабарлады. Зардап шеккендер жоқ. Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 29 маусымда сағат 08:20-да Ыкылас, 7Б мекенжайында өрт тұтанған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!