Алматыда қар аралас жаңбыр жауады, Астанада аяз болады, Шымкентке көктем келеді

14:41, 14 ақпан 2026

© Сурет: Zakon.kz

"Қазгидромет" РМК мамандары еліміздің үш ірі мегаполисі бойынша 2026 жылдың 15-17 ақпанына арналған ауа райы болжамын ұсынады. Оған сәйкес, Астанада -23°С-ге дейін қатты аяз болады, Алматыда қайта жауын-шашын түседі, ал Шымкентке көктем келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана бойынша ауа райы болжамы

  • 15 ақпан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -21...-23°С, күндіз: -6...-8°С.
  • 16 ақпан: аспан бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады. Түнде оңтүстік-батысқа ойыса оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 2-7 м/с, күндіз - 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -10...-12°С, күндіз: 0...-2°С.
  • 17 ақпан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: -3...-5°С, күндіз: 0°С шамасында.

Алматы бойынша ауа райы болжамы

  • 15 ақпан: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -2...-4°С, күндіз: +5...+7°С.
  • 16 ақпан: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады, түнде тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде: -1...+1°С, күндіз: +9...+11°С.
  • 17 ақпан: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады, түнде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыс жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +10...+12°С.

Шымкент бойынша ауа райы болжамы

  • 15 ақпан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +2...+4°С, күндіз: +15...+17°С.
  • 16 ақпан: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +6...+8°С, күндіз: +13...+15°С.
  • 17 ақпан: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +6...+8°С, күндіз: +12...+14°С.

Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!