«Күн күрт жылынады»: Алматы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы
© Сурет: Zakon.kz
Алдағы демалыс күндері мегаполисте жауын-шашын болып, тұманға байланысты айналаның көріну деңгейі нашар болады деп күтіледі. Синоптиктер Zakon.kz сайтына алдағы жеті күнге арналған ауа райының алдын-ала болжамын ұсынды.
Жетекші синоптик-инженер Баян Қанаеваның айтуынша, апта бойы қаладағы ауа негізінен ылғалды болады, сондықтан, көбінесе түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.
"Алматыда 14 ақпанда таңертең және түстен кейін, 15 ақпанда түнде жаңбырмен аралас қар түрінде жауын-шашын болып, тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады. Сондай-ақ, көктайғақ болады деп күтіледі. 16 ақпанда қалада ауа райы жауын-шашынсыз болады. 17 ақпанда түстен кейін жаңбыр жауады, ал 18-20 ақпан аралығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, жолдарда көктайғақ пайда болады", - деп атап өтті гидрометеорологиялық орталықтың өкілі.
Ал ауа температурасы түнде -2...-4°С-ден +3...+5°С-ге дейін, күндіз +2...+4°С-ден 13-15°С-ге дейін біртіндеп көтеріледі, деп нақтылайды маман.
2026 жылғы 15-20 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамы
- 14 ақпан: аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жауын-шашын (жаңбыр, қар), кейде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -2...-4°С, күндіз: +2...+4°С.
- 15 ақпан: аспан бұлтты, түнде жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -1...-3°С, күндіз: +5...+7°С.
- 16 ақпан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде: -1...+1°С, күндіз: +9...+11°С.
- 17 ақпан: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +1...+3°С, күндіз: +10...+12°С.
- 18 ақпан: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Ауа температурасы түнде: +1...+3°С, күндіз: +13...+15°С.
- 19 ақпан: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5°С, күндіз: +13...+15°С.
- 20 ақпан: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, кейде тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -3...-5°С, күндіз: +3...+ 5°С.
Бұған дейін Шымкентте қалың қар жауып, дендросаябақ жабық тұрғаны, ағаштар құлап, жарық сөніп қалғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:29, 13 ақпан 2026
Астанада өткен сотта Бишімбаевтың анасы жеңіске жетті
-
20:18, 13 ақпан 2026
Қарағандыда киім-кешек сататын дүкендер желісінің иесі 7 жылға сотталды
-
19:44, 13 ақпан 2026
Головкин жарыс алдында Шайдоровпен жүздесіп, өз ақылын айтты
-
19:33, 13 ақпан 2026
2026 жылғы Олимпиада: биатлоншы Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды
-
19:28, 13 ақпан 2026
Клебо сегізінші алтын медальды қоржынына салып, қысқы Олимпиада ойындарының рекордын жаңғыртты





