«Қар, жаңбыр, көктайғақ». Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

21:34, 13 ақпан 2026

© Сурет: pixabay

Қазақстанның 13 облысында 14 ақпанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, ал облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларындағы екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте 14 ақпанда түнде және таңертең жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), кей уақыттарда тұман болатыны болжанады. Түркістанда 14 ақпанда кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болып, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жел тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Атырауда 14 ақпанда түнде және таңертең тұман түсіп, оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар жауады, 14 ақпанда түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, 15-16 ақпанда тәулік бойы облыс көлемінде көктайғақ болады деп күтіледі. 14-16 ақпанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің 14 ақпанда облыстың шығысында, 15-16 ақпанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Алматыда 14-16 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Қонаевта 14-16 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ болатыны болжанады.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болып, күндіз Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Күндіз Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ, облыстың шығысында, таулы аулдандарында тұман болады деп күтіледі. Шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда 14 ақпанда күндіз жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі.

14 ақпанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

14 ақпанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түсіп, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с қамтиды. Петропавлда 14 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 14 ақпанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда 14 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында тұман болатыны болжанады.

Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!