Алматы тауларында құлап, жамбасын сындырған турист 2000 метр биіктіктен эвакуацияланды
© Фото: zakon.kz
2026 жылы 14 ақпанда Бутаков шатқалы ауданында 2000 метр биіктікте 1959 жылы туған әйел зардап шеккені туралы 112 пультіне шұғыл қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, турист әйел құлау салдарынан жамбасын ауыртып, өздігінен қозғалу мүмкіндігін жоғалтқан.
"Зардап шегушіге көмек көрсетуге Құтқару қызметінің құтқарушылары, Алматы қаласы ТЖД 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің қызметкерлері және Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері дереу шықты. ТЖМ өтімділігі жоғары заманауи автомобильдерін пайдалану ден қою уақытын барынша қысқартуға мүмкіндік берді. Алғашқы медициналық көмек зардап шегушіге хабарлама келіп түскен сәттен бастап 30 минуттың ішінде көрсетілді. Құтқарушылар әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, одан әрі ауруханаға жатқызу үшін медициналық мекемеге жеткізді", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Оның қызы да авариялық-құтқару көлігімен эвакуацияланды.
Бұған дейін ТЖМ өрт сөндірушілері жанып жатқан гараждан автокөлікті аман алып шыққаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:40, 14 ақпан 2026
Полиция қар жаууына байланысты алматылық жүргізушілерге жүгініп, мәлімдеме жасады
-
16:20, 14 ақпан 2026
Үкілеп, үміт күткен могулшы Анастасия Городко ширек финалда жарысты аяқтады
-
15:57, 14 ақпан 2026
Бойжеткен тұрғылықты мекенжайын өзгертсе де сталкерден құтыла алмаған
-
15:13, 14 ақпан 2026
Михаил Шайдоровтың бапкері шәкірті туралы мәлімдеме жасады
-
14:41, 14 ақпан 2026
Алматыда қар аралас жаңбыр жауады, Астанада аяз болады, Шымкентке көктем келеді





