Іле Алатауы ұлттық саябағында сирек кездесетін жабайы аң фототұзаққа түсіп қалды
© Сурет: pixabay
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында орнатылған кезекті фототұзаққа ҚР Қызыл кітабына енген Үнді жайрасының (Hystrix indica) үш дарағы түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Саябақ өкілдерінің айтуынша, бұл сирек кеміргіш Ұлттық парктің батыс бөлігінде мекендейді және еліміздің Қызыл кітабының IV санатына енгізілген. Қазақстан фаунасында жайра тұқымдасының жалғыз өкілі болғандықтан, оны қорғау – аса маңызды міндет.
"Мекені: 1200–1700 метр биіктіктегі жапырақты ормандар. Қыста қар аз түсетін, шөбі қалың оңтүстік беткейлерді қыстайды. Ін қазып, тасты аңғарлардағы қуыстарды паналайды. Көбіне түнде белсенді. Негізгі қорегі – өсімдіктер, тамыр-түйнек, жеміс пен тұқым. Көктемде көбейеді, қыста ұйқыға жатпайды (белсенділігі төмендейді). Бүгінде парк аумағында 32 дарақ есепке алынған. Сирек түрді және оның гендік қорын сақтау – ортақ жауапкершілік. Табиғатты бірге қорғайық!", делінген хабарламада.
Бұған дейін Каспий жағалауында 20 шақты аққудың өлексесі табылғаны белгілі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:39, 17 сәуір 2026
-3°C-қа дейін үсік, найзағай мен шаңды дауылдар: 18 сәуірде қандай ауа райы күтіп тұр
-
18:23, 17 сәуір 2026
Алматы зообағында арыстанға тас лақтырған ер адам айыппұл арқалады
-
18:06, 17 сәуір 2026
Ағымдағы жұмыс аптасында заңнамада қандай өзгерістер болды
-
17:54, 17 сәуір 2026
«БҰҰ-да бәрі істен шыққан»: Тоқаев БҰҰ-ға қатысты сынға үн қосты
-
17:40, 17 сәуір 2026
Түркияда Тоқаевтың дипломатиялық тәжірибесі жоғары бағаланды





