Алматы облысында көктайғақтың кесірінен жүк көлігі полиция көлігіне соғылды
© Фото: zakon.kz
Алматы облысында көктайғақ салдарынан ауыр жүк көлігі ылдиға қарай сырғанап, полицейлердің көлігіне соғылған. Арнайы техника жүргізушісі жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысында қатты көктайғақтың салдарынан көліктер жүре алмай қалды, тіпті бірі жол бойымен ылдилап төменге қарай сырғанаған. Оқыс оқиғаның видеосы желіде жарияланды.
"Куәгерлер әлеуметтік желіде көліктің өрге қарай қозғалуы кезінде, керісінше артқа қарай сырғанағанын сипаттайтын видеоны жариялады. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ, алайда аталған жағдай жолдағы көліктерге қауіп төндірді", делінген жазбада.
Алматы облысының полиция департаменті (ПД) аталған жол-көлік оқиғасы 12-13 ақпанға қараған түні болғанын атап өтті.
"Полицияның қызметтік автокөлігімен соқтығысуға жол берген КАМАЗ-дың жүргізушісі жауапқа тартылды. Жол апаты салдарынан көлік құралдарына механикалық зақым келтірілді. Зардап шеккендер жоқ". Алматы облысы ПД
Полиция жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолдарда, әсіресе қолайсыз ауа райында мұқият және жауапты болуға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:44, 13 ақпан 2026
Головкин жарыс алдында Шайдоровпен жүздесіп, өз ақылын айтты
-
19:33, 13 ақпан 2026
2026 жылғы Олимпиада: биатлоншы Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды
-
19:28, 13 ақпан 2026
Клебо сегізінші алтын медальды қоржынына салып, қысқы Олимпиада ойындарының рекордын жаңғыртты
-
19:06, 13 ақпан 2026
Аида Балаева: жаңа Конституция ел дамуындағы ғылым мен білімнің стратегиялық рөлін айқындайды
-
18:43, 13 ақпан 2026
Қазақстан Орталық Азияда бадминтонды дамыту бойынша басым елге айналады





