Сенсация! Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды
© Фото: zakon.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қысқа бағдарлама қорытындысында Шайдоров 92,94 ұпай жинап, бесінші орында тұрды.
Ал еркін бағдарламада қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен 198,64 ұпай жинап, жалпы есепте 291,58 ұпайға қол жеткізді. Бұл бағдарламада ол бес бірдей төрттік секіруді сәтті орындады.
Осы нәтижесінің арқасында Михаил Шайдоров жеңіс тұғырының биігіне көтеріліп, Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды.
Екінші орынды жапониялық Юма Кагияма иеленді - 280,06 ұпай. Шун Сато (Жапония) үздік үштікті түйіндеді - 274.90 ұпай.
Осылайша Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарына тарихында екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін Олимпиада ойындарында еліміз атынан алғаш рет жеңіс тұғырынан көрінген спортшы - 1994 жылы алтын медаль алған шаңғышы Владимир Смирнов еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:11, 15 сәуір 2026
Қазақстанда сел қауіпсіздігін күшейту және алдын алу жүйесін жетілдіру ұсынылды
-
12:52, 15 сәуір 2026
Қазақстанда ипотека ережелері өзгереді: 1 шілдеден жаңа тәртіп
-
12:41, 15 сәуір 2026
Ақтөбе облысында тұрғындарға бет-жүзді жасыратын киімге қатысты талаптар түсіндірілді
-
12:25, 15 сәуір 2026
Астанада көліктен телефон ұрлаған күдікті ұсталды
-
12:12, 15 сәуір 2026
Алматы әкімі қала тазалығына бақылауды күшейтіп, жаңа көріктендіру бағдарламасын іске қосуды тапсырды





