«Құжаттардың түпнұсқасын дайындап қойыңыздар». Ел азаматтарына маңызды ескерту жасалды
© Сурет: Zakon.kz
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ("ҰАТ" АҚ) баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 14 ақпанда қазақстандықтар үшін құжаттардың түпнұсқасына қатысты маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компания өз қызметтері мен жобаларын халыққа ыңғайлы және тиімді ету үшін үнемі жұмыстар жүргізіп отыратынын айтып, сендіреді. Осы мақсатта үнемі техникалық жұмыстар жүргізіледі.
"Осыған байланысты 14 ақпанда сағат 21:00-ден 15 ақпан, 08:00-ге дейін "ҰАТ" АҚ атқаратын жобалар қысқа мерзімге қолжетімсіз болуы мүмкін. Ықтимал қолайсыздықтардың алдын алу үшін "ҰАТ" АҚ барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және егер оларды ұсыну техникалық жұмыстарды жүргізу кезеңінде қажет болса, құжаттардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынады", делінген қазақстандықтарға жолданған құлаққағыс хабарламада.
Азаматтарға түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіріп, қолайсыздықтар үшін кешірім сұралды.
Бұған дейін 2026 жылдың 13 ақпанынан бастап шетелдіктер ХҚКО-да ЖСН ала алмайтыны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:13, 14 ақпан 2026
Михаил Шайдоровтың бапкері шәкірті туралы мәлімдеме жасады
-
14:41, 14 ақпан 2026
Алматыда қар аралас жаңбыр жауады, Астанада аяз болады, Шымкентке көктем келеді
-
13:49, 14 ақпан 2026
ТЖМ өрт сөндірушілері жанып жатқан гараждан автокөлікті аман алып шықты
-
13:12, 14 ақпан 2026
Тоқаев Ұлттық қорғаныс университетінің бастығын жаңадан тағайындады
-
13:12, 14 ақпан 2026
Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы жаңадан тағайындалды





