Алматыда электроцикл мен қоқыс таситын көлік соқтығысып, 81 жастағы ер адам қаза тапты

13:02, 20 қыркүйек 2026
MKZ: 1567845

© Сурет: Zakon.kz

Алматыдағы ЖЭО-2 маңында жол апаты болып, 81 жастағы ер адам қаза тапты. Бұл ретте электроцикл мен қоқыс таситын көлік соқтығысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, көліктер бір-біріне қарсы бағытта келе жатқан. Қытайлық үш доңғалақты электроцикл тізгінінде 1945 жылғы ер адам болған.

Жол апаты, Алматы, ЖЭО-2, электроцикл, қоқыс таситын көлік, қайғылы оқиға , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2026 13:02

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнындағы Zakon.kz тілшісінің хабарлауынша, кілт бұрылыста егде жастағы жүргізуші, болжам бойынша, рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Қоқыс таситын көліктің жүргізушісі шұғыл тежегішті басқанымен, бетпе-бет соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған.

Жол апаты, Алматы, ЖЭО-2, электроцикл, қоқыс таситын көлік, қайғылы оқиға , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2026 13:02

Сурет: Zakon.kz

Соққы салдарынан электроцикл жүргізушісімен бірге бірнеше метрге ұшып кеткен. Ер адам өмірге үйлеспейтін жарақаттар алып, оқиға орнында көз жұмды.

Жол апаты, Алматы, ЖЭО-2, электроцикл, қоқыс таситын көлік, қайғылы оқиға , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2026 13:02

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Апаттың мән-жайы мен себептері анықталуда.

Бұған дейін Қызылорда облысында жол апаты болып, екі адам қаза тапқаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!