Үшінші алтын медаль! Жоламан Биғабыл 2026 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды

13:39, 20 қыркүйек 2026
MKZ: 1567849

© Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасының өкілі 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалдық белдесуде Жоламан Биғабыл Өзбекстан өкілі Хумоюнмирза Халимовты жеңіп, Азиада чемпионы атанды.

Қазақстандық спортшы финалға дейін Тәжікстан өкілі Махсатулло Муминовтан басым түссе, жартылай финалда Индонезия спортшысы Мухаммад Жануарды 6:1 есебімен жеңді.

Бұл - Жоламан Биғабылдың Азия ойындарындағы алғашқы медалі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде төрт медаль бар. Бұған дейін тасжолдағы велоспорттан Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко алтын медаль жеңіп алса, триатлоншы Арлан Жаңабай қола алды. Сондай-ақ Қазақстан ерлер құрамасы қазіргі бессайыстан қола медаль еншіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!