2026 жылғы Азия ойындары: Қазақстан қоржынында тағы бір алтын медаль!
© Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы жекелей уақытқа жарыста жеңіске жетті. Луценко қашықтықты 41:24.05 уақытта бағындырды. Екінші орын жапониялық Сюнсукэ Имамураға, ал үшінші орын Моңғолия өкілі Жамбальямц Сайнбаярға бұйырды.
Алексей Луценко үшін бұл – Азия ойындарында жеңіп алған мансабындағы бесінші алтын жүлде. Сонымен қатар қазақстандық велошабандоз жекелей уақытқа жарыста қатарынан төртінші рет чемпион атанып отыр. Ол бұған дейін 2014, 2018 және 2022 жылдардағы Азия ойындарында осы бәсекеде топ жарған.
Бұдан бөлек, Луценко 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында топтық жарыста да чемпион атанды. Сондай-ақ оның қоржынында 2022 жылғы Ханчжоу ойындарының күміс медалі бар.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасындағы жекелей уақытқа жарыста Рината Сұлтанова алтын медаль жеңіп алған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:07, 20 қыркүйек 2026
Азиада-2026: Қазақстан ерлер құрамасы қазіргі бессайыстан қола медаль еншіледі
-
13:02, 20 қыркүйек 2026
Алматыда электроцикл мен қоқыс таситын көлік соқтығысып, 81 жастағы ер адам қаза тапты
-
11:44, 20 қыркүйек 2026
АҚШ өз азаматтарына Таяу Шығыстағы шиеленіс кенеттен ушығып кетуі мүмкін екенін ескертті
-
11:31, 20 қыркүйек 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 20 қыркүйек
-
10:40, 20 қыркүйек 2026
Алматы тауларында түнде үш турист 3100 метр биіктікте қалып кеткен





