Президент: Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерінен ешқашан бас тартпайды
© Фото: pixabay
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екенін айтып, мемлекет азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерінен бас тартпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы бұл міндет Конституцияда нақты бекітілгенін атап өтті. Оның айтуынша, Ата заңда Қазақстан азаматтарының заңда белгіленген медициналық көмекті тегін алуға құқығы көрсетілген.
"Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінен ешқашан бас тартпайды. Өйткені бұл міндет Конституциямызда анық әрі тура жазылған", – деді Тоқаев.
Президент Қазақстанда мемлекет қаржысы есебінен медициналық көмек көрсетілетінін атап өтті. Оның айтуынша, тиісті медициналық қызметтер Қазақстан азаматтарына ғана емес, елде тұруға рұқсаты бар шетелдік азаматтардың кейбір санаттарына да ұсынылады.
Тоқаев тегін медициналық көмектің аясында азаматтарға учаскелік дәрігердің қабылдауы, диагностика, шұғыл медициналық көмек көрсетілетінін айтты.
Сонымен қатар диабет, онкологиялық аурулар, туберкулез секілді аурулар бойынша ем жүргізіліп, кей жағдайда дәрі-дәрмек тегін берілетінін атап өтті. Азаматтарға жедел жәрдем және санитариялық авиация қызметтері де көрсетіледі.
Президент жақында ауыр дертке шалдыққан қазақстандық ғалымның Италиядан санитариялық авиация көмегімен елге жеткізілгенін мысал ретінде келтірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:48, 19 қыркүйек 2026
Шымкент қала тұрғындары экологиялық акцияда белсенділік танытты
-
15:19, 19 қыркүйек 2026
Президент волонтерлікпен айналысып жүрген еріктілерге ризашылығын білдірді
-
15:16, 19 қыркүйек 2026
Тоқаев: Қазақстанның күшті ел болғаны ең алдымен өзімізге қажет
-
15:14, 19 қыркүйек 2026
Қазақстанда әлеуметтік жеңілдіктерді заңсыз алу фактілері кездеседі - Тоқаев
-
15:10, 19 қыркүйек 2026
Тоқаев жолдардың сапасына қатысты қатаң шара қолданылатынын айтты





