«Таза орта – жарқын болашақ»: Атырауда ауқымды сенбілік өтті
© Сурет: Атырау облысы әкімдігі
19 қыркүйек – Дүниежүзілік тазалық күніне орай Атырауда "Таза орта – жарқын болашақ" атты ауқымды сенбілік өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған шараға 7 мыңнан астам қала тұрғыны мен мыңнан астам мекеме қатысты. Акция барысында облыс әкімі Болат Ақшолақов та тал егіп, атыраулықтарды ортақ үйімізді күтіп ұстауға шақырды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, "Таза Қазақстан" – жай ғана науқан емес. Бұл – қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды күнделікті дағдыға айналдыруға бағытталған жалпыұлттық бастама. Біздің мақсатымыз – айналаны тазарту ғана емес, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, – деді облыс әкімі.
Тазалық жұмыстары Атырау қаласының Көктем, Қайыршақты, Еркінқала және Жұмыскер елді мекендеріндегі Жайық өзенінің жағалауларында жүргізілді. Сондай-ақ облыстың барлық ауданында тазалық шаралары ұйымдастырылды.
Экологиялық акция барысында өңірді көгалдандыруға да ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, "Самал" шағынауданындағы Д.Нысанғалиұлы көшесінде 300 атыраулықтың қатысуымен және алты ауылдық округте 600-ге тарта ағаш отырғызылды.
"Таза Қазақстан" бастамасы аясында өткен шара табиғатты қорғау мен елді мекендерді абаттандыруға жұртшылықты жұмылдырып, тазалықтың бір күндік науқан емес, күнделікті мәдениет пен ортақ жауапкершілік екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:48, 19 қыркүйек 2026
Шымкент қала тұрғындары экологиялық акцияда белсенділік танытты
-
15:19, 19 қыркүйек 2026
Президент волонтерлікпен айналысып жүрген еріктілерге ризашылығын білдірді
-
15:16, 19 қыркүйек 2026
Тоқаев: Қазақстанның күшті ел болғаны ең алдымен өзімізге қажет
-
15:14, 19 қыркүйек 2026
Қазақстанда әлеуметтік жеңілдіктерді заңсыз алу фактілері кездеседі - Тоқаев
-
15:12, 19 қыркүйек 2026
Президент: Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерінен ешқашан бас тартпайды









