Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңнен, өз ауылың мен қалаңнан бастау алады – Тоқаев
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" жалпыұлттық жобасының маңызын атап өтіп, жастарды табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Мемлекет басшысы саябақта тал егу шарасына қатысып, мұндай жұмыстардың қоғам мен ел үшін маңызды екенін айтты.
"Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңнен, өз ауылың мен қалаңнан бастау алады", – деді Президент.
Тоқаев табиғатты аялау мен қоршаған ортаға қамқорлық жасау қазақ халқының дәстүрінде бар қасиет екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл – ата-бабадан қалған өсиет әрі аманат.
Президент "Таза Қазақстан" жобасының қоғамдық және тарихи мәніне де тоқталды.
"Біз экологиялық мәдениеті жоғары ел болуымыз керек. Бұл – мемлекетіміздің Конституциясында айқындалған аса маңызды міндет. "Таза Қазақстан" – жарқын болашағымыздың кепілі. Бұл – жай ғана ұран емес", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының пікірінше, өркениеттілік, жасампаздық пен ілгерілеу тазалық пен қоршаған ортаға жауапкершіліктен басталады. Ол атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы өскелең ұрпақтың қамы үшін жасалып жатқанын айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:48, 19 қыркүйек 2026
Шымкент қала тұрғындары экологиялық акцияда белсенділік танытты
-
15:19, 19 қыркүйек 2026
Президент волонтерлікпен айналысып жүрген еріктілерге ризашылығын білдірді
-
15:16, 19 қыркүйек 2026
Тоқаев: Қазақстанның күшті ел болғаны ең алдымен өзімізге қажет
-
15:14, 19 қыркүйек 2026
Қазақстанда әлеуметтік жеңілдіктерді заңсыз алу фактілері кездеседі - Тоқаев
-
15:12, 19 қыркүйек 2026
Президент: Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерінен ешқашан бас тартпайды





