Президент волонтерлікпен айналысып жүрген еріктілерге ризашылығын білдірді

15:19, 19 қыркүйек 2026
MKZ: 1567753

© Сурет: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілердің еңбегін жоғары бағалап, волонтерлік қызмет елге шынайы жанашырлықтың көрінісі екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстанда 2020 жылдың Волонтер жылы ретінде аталып өткенін еске салды. Оның айтуынша, өзі БҰҰ мінберінде Халықаралық волонтерлер жылын белгілеу туралы бастама көтерген. Бұл ұсыныс негізінде 2026 жыл Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланғанын атап өтті.

"Бұл жыл сіздерге арналды", – деді Тоқаев еріктілерге қарата.

Президент Қазақстан волонтерлік қызметті Конституция деңгейінде бекіткен санаулы мемлекеттердің бірі екенін айтты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында 22 сәуірді "Халықаралық жер шарын көгалдандыру күні" деп жариялау туралы бастама көтергенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл ұсыныс та халықаралық деңгейде қолдау тапқан.

Тоқаев аталған бастамалар Қазақстанның заманауи жаһандық үрдістерге белсенді араласып келе жатқанын көрсететінін атап өтті.

"Еліміздің болашағы – сіздер сияқты білімді, белсенді, көзі ашық, көкірегі ояу, талапты жастардың қолында!" – деді Президент.

Мемлекет басшысы еліміздегі және шетелдегі барлық еріктілерді құттықтап, оларға амандық пен сәттілік тіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!