Тоқаев: Қазақстанның күшті ел болғаны ең алдымен өзімізге қажет
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті, Қауіпсіз, Озық және Таза Қазақстанды құру барша азаматтың ортақ міндеті екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы елді дамыту үшін азаматтар адал, шыншыл әрі жауапты болуы керек екенін атап өтті.
"Осы жолда бәріміз белсенді жұмыс істеуіміз керек. Қасиетті Отанымызды дамытудың бұдан басқа жолы жоқ. Бәріміз адал, шыншыл және жауапты да болуымыз қажет", – деді Тоқаев.
Президент сөздің де үлкен жауапкершілік екенін айтып, ойланбай айтылған сөздің салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескертті.
"Кейбір уақытта байқалмай айтылған сөздердің зияны басқа әрекеттерге қарағанда әлдеқайда қауіпті болады. Соны ешқашан ұмытпаңыздар", – деді ол.
Тоқаев азаматтарды елдің болашағын ойлап, Қазақстанға қамқорлықпен қарауға шақырды.
"Басқа Отанымыз жоқ. Еліміз аман болса, сіздер де, отбасыларыңыз да бақытты болады, төрт құбыламыз түгел болмақ. Қазақстанның күшті, мықты ел болғаны ең алдымен өзімізге қажет", – деді Мемлекет басшысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:12, 19 қыркүйек 2026
Теміртау маңында 200-ге жуық шошқа тиеген фура аударылып кетті
-
15:48, 19 қыркүйек 2026
Шымкент қала тұрғындары экологиялық акцияда белсенділік танытты
-
15:19, 19 қыркүйек 2026
Президент волонтерлікпен айналысып жүрген еріктілерге ризашылығын білдірді
-
15:14, 19 қыркүйек 2026
Қазақстанда әлеуметтік жеңілдіктерді заңсыз алу фактілері кездеседі - Тоқаев
-
15:12, 19 қыркүйек 2026
Президент: Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерінен ешқашан бас тартпайды





