Қыс қаһарына мінеді: елдің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды
© Фото: unsplash
2026 жылғы 28 қарашада Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлытау облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20, кей уақыттарда 23 м/с-қа жетеді. Жезқазғанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Осы өңірлерде тұман түседі. Атырауда түнде және күндіз тұман болады.
Алматы облысының таулы аудандарында түнде қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы мен Қонаевта түнде және таңертең тұман болады. Іле Алатауының Алматы қаласындағы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында түнде қар жауып, көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде қалың қар түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Қарағандыда қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде жаңбыр мен қар аралас аздаған жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні 15-20, түнде 25 м/с-қа дейін күшейеді. Таразда түнде және таңертең тұман түседі.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың шығысы мен батысында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде күндіз аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оралда күндіз аздаған қар жауып, көктайғақ болады.
Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде жаңбыр мен қар аралас аздаған жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде облыстың солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылордада түнде аздаған жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні осы аудандарда 15-18 м/с болады. Ақтөбеде түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, облыстың солтүстігі мен шығысында 23-28 м/с-қа жетеді. Қостанайда таңертең және күндіз қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 15-20, батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарда 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда қар жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Жел солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 25 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Түнде таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с болады. Шымкент пен Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.
Абай облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында бұрқасын соғады. Түнде және таңертең оңтүстік және шығыс аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында 24-29 м/с-қа дейін күшейеді. Семейде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Күндіз жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында қалың қар түсіп, бұрқасын соғады. Өскеменде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Күндіз жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
Павлодар облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Павлодарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Желдің екпіні 25 м/с-қа жетеді.
Астанада кей уақыттарда қар жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с-қа дейін жетеді.
Ақмола облысында қар жауып, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Көкшетауда кей уақыттарда қар жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:50, 27 қараша 2026
Бокстан әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары белгілі болды
-
20:11, 27 қараша 2026
Атырауда мектеп дәретханаларына камера орнатылып, 1 400 баланың құқығы бұзылған
-
19:55, 27 қараша 2026
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
-
19:50, 27 қараша 2026
BilimClass платформасындағы ақау: компания деректердің сыртқа тарамағанын мәлімдеді
-
19:25, 27 қараша 2026
Порнографиялық видеоға байланысты жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды





