«ҚТЖ – Жүк тасымалы» компаниясының бұрынғы үш басшысы ұсталды
© Фото: zakon.kz
"ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры, оның орынбасары және департамент директоры сыбайлас жемқорлыққа күдікпен қамауға алынды.
Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 9-10 қарашада "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Владимир Петров, оның орынбасары Қайрат Қабылов және компанияның сатып алуды қамтамасыз ету департаментінің директоры Азамат Сембай ұсталған.
Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді. 11 және 12 қарашада сот санкциясымен үшеуі де екі ай мерзімге қамауға алынды.
Қазіргі уақытта іс бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:17, 27 қараша 2026
«Қазатомөнеркәсіп» басшылары ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады
-
18:00, 27 қараша 2026
Алаяқтық, ұрлық және жалған ақпарат тарату: Санжар Боқаевқа сот үкімі шықты
-
17:51, 27 қараша 2026
Қалың қар мен аяз: Алматыда алдағы күндері ауа райы өзгереді
-
17:35, 27 қараша 2026
Дауылды жел соғып, қалың қар жауады: 28 қарашаға арналған ауа райы болжамы
-
17:20, 27 қараша 2026
29 жыл бойы іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды





