Алан Құрманғалиев үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
© Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол жұптық сында Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетті.
Жартылай финалда қазақстандық-ирандық жұп Оңтүстік Корея спортшыларына 0:3 есебімен жол берді. Осылайша, Алан Құрманғалиев пен Беньямин Фараджи әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, Алан Құрманғалиев 2022 жылы да жастар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алған. Ол аралас жұптық сында чемпион атанса, жекелей сында қола жүлдеге ие болған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:41, 28 қараша 2026
Давид Дегтярев Азия рекордын жаңартып, төртінші рет әлем чемпионы атанды
-
22:51, 27 қараша 2026
Дзюдодан Азия кубогы кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
-
20:50, 27 қараша 2026
Бокстан әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары белгілі болды
-
12:00, 27 қараша 2026
Конференция лигасының төртінші турында «Қайрат» нешінші орынға жайғасты
-
23:09, 26 қараша 2026
Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың тізімі анықталды





