Астанадағы Гран-при: таеквондошы Батырхан Төлеуғали финалға шықты

16:11, 28 қараша 2026
MKZ: 1580252

© Сурет: olympic.kz

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Батырхан Төлеуғали елордада өтіп жатқан Гран-при сериясының финалында ақтық сынға өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Грузия өкілі Зураб Кинцурашвилимен кездесті.

Бірінші раундта грузиялық таеквондошы 2:0 есебімен басым түсті. Дегенмен Батырхан екінші раундта 6:0, ал үшінші кезеңде 11:2 есебімен жеңді.

Осылайша Батырхан Төлеуғали Гран-при финалдық кезеңінің ақтық сынына жолдама алды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!