Екібастұздағы көмір өндірісіне кедергі болған 115 млн теңгелік жер мемлекетке қайтарылды

21:22, 27 қараша 2026
MKZ: 1580185

© Фото: Zakon.kz

Павлодар облысында Екібастұз көмір өнеркәсібін дамытуға кедергі келтірген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Жалпы құны 115 млн теңге болатын жерлерді жеке компания нысаналы мақсатына сай пайдаланбаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұз көмір өнеркәсібі үшін стратегиялық маңызы бар жер учаскелерін мемлекетке қайтару жөнінде шара қабылдады.

Бұл жерлер көмір өндіруші кәсіпорындардың жұмысы үшін қажет. Олардың аумағы арқылы көмір кен орындарын игеру кезінде аршылған жыныстарды тасымалдайтын теміржол желілері өтеді.

Алайда "Arman kala Limited" ЖШС жалға алған жер учаскелерін нысаналы мақсатына сай пайдаланбаған. Соның салдарынан өндірістік инфрақұрылымды дамытуға кедергі туындаған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арыз берілді.

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2026 жылғы 13 шілдеде прокуратура талабын қанағаттандырды. Ал 14 қазанда апелляциялық сот бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Нәтижесінде жалдау шарттары бұзылып, жалпы құны 115 млн теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Прокуратураның мәліметінше, бұл шешім өңірдегі көмір өндіруші кәсіпорындардың жұмысына қажетті теміржол және өндірістік инфрақұрылымды дамытуға жол ашады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!