Қарағандыда ауа райының күрт өзгеруінен бірнеше сағатта 37 жол апаты болды

21:42, 27 қараша 2026
MKZ: 1580188

© Фото: Zakon.kz

2026 жылғы 27 қарашада таңертең Қарағандыда 37 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұған ауа райының күрт өзгеруі себеп болған: жаңбыр қарға ұласып, жолдар көктайғаққа айналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Новый вестник" басылымы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағандай, ауа райы таңғы сағат 07:00 шамасында нашарлаған. Ал сағат 11:30-ға қарай қалада 37 жол апаты тіркелді. Оқиғалардың ешқайсысында адам зардап шеккен жоқ. Көліктер тек механикалық зақым алды.

Полиция өкілдері ауа райына қарай жылдамдықты реттеп, көлік арасындағы қашықтықты сақтау жол апатының алдын алуға көмектесетінін ескертті.

"Тайғақ жолда тежеу қашықтығы едәуір ұзарады. Сондықтан жүргізушілер аса мұқият болуы керек. Көлік жүргізушілеріне жылдамдықты төмендетіп, қауіпсіз арақашықтық пен бүйірлік интервалды сақтауға, күрт маневр мен тежелуден аулақ болуға кеңес беріледі. Әсіресе қиылысқа жақындағанда сақ болған жөн", – деп ескертті полицейлер.

Сондай-ақ жүргізушілерге көлік тізгінінде телефонға алаңдамау, қысқы дөңгелек пайдалану және жолға шығар алдында автокөліктің техникалық жағдайын тексеру ұсынылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!