Атырауда мектеп дәретханаларына камера орнатылып, 1 400 баланың құқығы бұзылған
© Фото: akorda.kz
Атырау облысының прокуратурасы 4 мыңнан астам баланың жеке өміріне қол сұғылмау және дербес деректерін қорғау құқықтарын қалпына келтірді.
Тексеру барысында мектептерде балалардың жеке мәліметтері ата-аналарының келісімінсіз жарияланғаны және дәретханаларға бейнебақылау камералары орнатылғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәселен, Махамбет ауданындағы З. Ещанов атындағы балалар өнер мектебі 400-ден астам баланың дербес деректерін шетелдік цифрлық платформада жариялаған.
Ал Жылыой ауданындағы №6 мектепте 2 мыңнан астам оқушының жеке мәліметтері ата-аналарының келісімінсіз сабаққа қатысуды есепке алатын бағдарламаға енгізілген.
Сонымен қатар Атырау қаласындағы мектептердің бірінде дәретханаға бейнебақылау камералары орнатылған. Салдарынан 1 400-ден астам баланың жеке өміріне қол сұғылмау құқығы бұзылған. Прокуратура мұндай жағдай балаларға психологиялық және эмоционалдық зиян келтіруі мүмкін екенін атап өтті.
Конституция әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына және дербес деректерінің қорғалуына кепілдік береді. Бұл талаптарды сақтау жауапкершілігі балалардың заңды өкілдерімен қатар білім беру ұйымдарына да жүктелген.
Прокурорлық қадағалау актілерінен кейін анықталған заңбұзушылықтар жойылып, балалардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Кінәлі тұлғалар жауаптылыққа тартылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:50, 27 қараша 2026
Бокстан әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары белгілі болды
-
20:30, 27 қараша 2026
Қыс қаһарына мінеді: елдің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды
-
19:55, 27 қараша 2026
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
-
19:50, 27 қараша 2026
BilimClass платформасындағы ақау: компания деректердің сыртқа тарамағанын мәлімдеді
-
19:25, 27 қараша 2026
Порнографиялық видеоға байланысты жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды





