Алматыда автобуспен болған жол апатына түрткі Kia-ның жүргізушісі екі айға қамауға алынды

12:23, 29 маусым 2024

© Сурет: Zakon.kz

Адвокат Қанат Әлсейітовтің әлеуметтік желіде Алматыдағы автобуспен болған жол апытан түрткі деп күдікке ілінген әйелдің екі айға қамауға алынғанын айтқан хабарламасы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анель Сартаева жол ережелерін бұзып, №18 автобуспен соқтығысты деп айыпталады. Аталған апат салдарынан бір жолаушы қаза тауып, 20-дан астам адам зардап шекті.

Адвокат Қанат Әлсейітовтың айтуынша, әйелді кепілдік беріп, босатудан бас тартылған. Қазір ол тергеу изоляторында отыр.

26 маусымда Kia көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесін кесіп өтіп, "City-Bus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін №18 автобуспен соқтығысқан. Апат салдарынан автобустың 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгініп, бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!