Алматыда алдағы аптада аптап ыстық болады
© Фото: zakon.kz
Синоптиктер Zakon.kz-ке алдағы аптаға алдын ала болжам ұсынды. «Қазгидромет» деректеріне сәйкес, жеті күн бойы оңтүстік астанада кей жерлерде нөсер жауын, кейде шаңды дауыл мен найзағай күтіледі.
Алматы және Алматы облысы бойынша «Қазгидромет» филиалының жетекші инженер-синоптигі Даулет Кисебаевтың айтуынша, жұмыс аптасының басында мегаполисте ыстық ауа райы сақталады, бірақ қалада өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.
Алматы бойынша 2025 жылғы 9–15 тамызға арналған ауа райы болжамы:
9 тамыз: Ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде +20…+22°, күндіз қатты ыстық +34…+36°. 10–11 тамыз: Ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде +20…+22°, күндіз қатты ыстық +34…+36°. 12 тамыз: Ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +20…+22°, күндіз қатты ыстық +34…+36°. 13 тамыз: Ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде +22…+24°, күндіз қатты ыстық +35…+37°. 14 тамыз: Ауыспалы бұлттылық, күндіз жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, кейде екпіні 15-20 м/с. Түнде +23…+25°, күндіз +31…+33°. 15 тамыз: Ауыспалы бұлттылық, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с, кейде екпіні 15-20 м/с. Түнде +18…+20°, күндіз +27…+29°.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:40, 26 маусым 2026
Жетісу облысында велосипед ұрлығына қатысы бар 61 жастағы ер адам ұсталды
-
22:09, 26 маусым 2026
Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды
-
21:37, 26 маусым 2026
Денис Сергиенко маунтинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
-
21:07, 26 маусым 2026
Алматыда Мемлекет басшысының атынан отандық БАҚ қызметкерлері марапатталды
-
20:43, 26 маусым 2026
Қазақстанда оқушыларды бағалау жүйесін қайта қарау жоспарланып отыр





