Алматы полиция департаментінің басшысы ауысты
© Фото: zakon.kz
Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы болып полиция генерал-майоры Айдын Қабдулдинов тағайындалды.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Айдын Қабдулдинов 1998 жылы Алматы заң институтын бітірген. Ол ішкі істер органдарында қызметін Өскемен қаласы ІІБ-нің тергеушісі лауазымынан бастаған.
2000 жылдан бастап Алматы қаласының ішкі істер бөлімдерінде қызметін жалғастырды. 2004 жылдан бастап Алматы қаласы ІІД-нің өзіндік қауіпсіздік басқармасында жұмыс істеп, әр жылдары тергеуші, жедел уәкіл және бөлім бастығы қызметтерін атқарған.
2012 жылдан бастап басқарманың орынбасары болған, 2017 жылдан бастап сол басқарманы басқарған. Сонымен қатар ол Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы лауазымында да қызмет атқарған.
2020 жылғы 23 сәуірде Айдын Қабдулдинов Алматы полиция департаментінің орынбасары болып тағайындалды. Ал 2022 жылғы қаңтардан бастап Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы қызметін атқарды.
Айта кетейік, Алматы полиция департаментін 2022 жылғы шілдеден бастап полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров басқарды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:10, 9 қаңтар 2026
10 қаңтарда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:41, 9 қаңтар 2026
Қазақстандықтар әскерге жарамдылық туралы анықтаманы енді eGov-тан ала алады
-
21:11, 9 қаңтар 2026
Теміртауда жолаушылар арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды: алқабилер соты үкім шығарды
-
20:50, 9 қаңтар 2026
Биатлоннан Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтар спринтте қандай нәтиже көрсетті
-
20:03, 9 қаңтар 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті оңайлатылған режимге өтуден бас тарту себептерін түсіндірді





