Алматы облысының киберполицейлері 170-тен астам интернет-сайтты бұғаттады

14:41, 1 қазан 2024

© Фото: pexels

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасы шеңберінде Алматы облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы жыл басынан бері айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында түрлі сипаттағы 46 қылмыстық іске қатысы бар 74 күдікті анықталды.

Жұмыс қорытындысы бойынша 117 қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды, бұл интернет-қылмыскерлермен күреске байыпты көзқарасты айғақтайды.

"Операция барысында ақша қаражаттарының заңсыз айналымымен айналысқан 62 тұлға ұсталды. Киберкеңістіктің тұрақты мониторингі нәтижесінде алаяқтық әрекеттер жүзеге асырылған 177 жалған интернет-сайттарды бұғаттауға мүмкіндік туды. Сондай-ақ, киберқылмысқа күдікті 56 адамның шоттары жабылып, зардап шеккендерге 36 млн 462 мың теңге сомадағы ақшалай қаражат қайтарылды", – деп түйіндеді Алматы облысы ПД КПБ бастығының орынбасары Нұржан Кеңесханұлы.

Криминалдық полиция басқармасы интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстардың алдын алу және ашу бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.

Облыс тұрғындары мен қонақтарына онлайн-сатып алулар мен қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде қырағылық танытуға, ал күдік туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!