«Күн сәулесі көзіме түсіп...». Атырауда полицейді көлік қағып кетті

21:05, 30 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Атырауда 30 қыркүйекте сағат 18:40 шамасында Toyota Corolla маркалы автокөліктің жүргізушісі Қаныш Сәтбаев пен Ерниязов көшелерінің қиылысында қызметтік міндеттерін атқарушы патрульдік полицейді қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқыс оқиға салдарынан түрлі дене жарақатын алған полиция қызметкері облыстық ауруханаға түсті.

"Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы ісі бойынша тиісті материалдар жинастырылып жатыр. Сараптама нәтижелеріне сәйкес шешім қабылдау үшін іс сотқа жіберіледі", делінген хабарламада.

Жүргізуші күн сәулесі көзіне түсіп, жолда көлік қозғалысын реттеп тұрған патрульдік полицейді байқамай қалғанын және болған оқиғаға өкініш білдіретінін айтты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!