Ресейде сауда орталығындағы дәретханадан басына оқ тиген ер адамның денесі табылды

18:51, 30 қыркүйек 2024

© Сурет: freepik

Мәскеу облысындағы "Глобус" сауда орталығында басына оқ тиген ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

РЕН-ТВ телеарнасының мәліметінше, еден жуушы әйел мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дәретхананы тазаламақ болғанда, басына оқ тиген ер адамның денесінің үстінен түскен.

Құқық қорғау органдары оқиға орнын шолып, тексеру жүргізді. Қару табылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!