Екібастұзда төбелескен екі студент ауруханадан бір-ақ шықты

21:20, 30 қыркүйек 2024

© Сурет: unsplash

29 қыркүйекте Екібастұз қаласында кәмелетке толмаған екі бала төбелесті. Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, төбелес №21 мектептің маңында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Колледж студенттері Екібастұз қаласының ауруханасына түрлі дене жарақаттармен жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын қолға алды", деп Pavlodarnews.kz облыстық білім беру басқармасының түсініктемесін келтіреді.

Екі кәмелетке толмағанның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті.

Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!