Парижде атақты Louis Vuitton бутигі тоналды

19:38, 30 қыркүйек 2024

© Сурет: Instagram/cyriellejoelle_officiel

Парижде Сент-Жермен бульварындағы Louis Vuitton бутигі 30 қыркүйекке қараған түні тоналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Le Figaro газеті қарақшылар дүкеннің алдыңғы есігіне көлігімен қойып кеткенін жазады.

Сөреде тұрған заттардың тең жартысын тып-типыл ету үшін оларға төрт-ақ минут қажет болыпты.

Олар оқиға орнынан қашып кеткен. Қылмыскерлер әлі табылмай жатыр.

Қарақшылар 100-ден астам сәнді заттарды ұрлап үлгерген. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 900 мың евроға бағаланып отыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!