Атырауда есірткі таратумен айналысқан екі күдікті қылмыс үстінде ұсталды
© Сурет: Zakon.kz
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кинология орталығы қызметкерлерімен бірлесіп "Қарасора" жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын таратқан 38 жастағы ер адамды және 28 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеке тінту кезінде зип-пакетке салынған синтетикалық есірткінің 81 орамы тәркіленді.
"Сондай-ақ, жалға алынған пәтерлері мен қала көшелерінен күдіктілер жасырған 100 граммға жуық синтетикалық есірткілер анықталып, тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қылмыстық іс-тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайтыны нақтыланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:16, 30 қыркүйек 2024
Павлодарда қатарласы мен мұғалімін пышақтаған оқушы түрмеге тоғытылмайтын болды
-
22:00, 30 қыркүйек 2024
Футзалдан ӘЧ-2024: Қазақстан Аргентинадан жеңіліп қалды
-
21:20, 30 қыркүйек 2024
Екібастұзда төбелескен екі студент ауруханадан бір-ақ шықты
-
21:05, 30 қыркүйек 2024
«Күн сәулесі көзіме түсіп...». Атырауда полицейді көлік қағып кетті
-
20:49, 30 қыркүйек 2024
ШҚО-да тас жолда КАМАЗ өртенді