Бейбіт Жұқаев Шанхайдағы Мастерс турнирінің негізгі кезеңіне өтті

17:10, 1 қазан 2024

© Сурет: ktf.kz

Бейбіт Жұқаев (196 АТР) өз мансабында екінші рет Шанхайдағы ATP "Мастерс" 1000 турнирінің негізгі жарыс кезеңіне өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іріктеудің шешуші кездесуінде Жұқаев британдық Билли Харристы (104 АТР) 7:5, 2:6, 6:4 есебімен жеңді. Бейбіттің айлағашқы айналымда кездесетін теннисшінің есімі кейін белгілі болады.

Шанхайдағы "Мастерс" Бейбіт үшін ең сәтті турнирлердің бірі. Былтыр ол чех Доминик Паланды 7:6 (8:6), 3:6, 6:3 есебімен жеңіп, негізгі сынға өткен еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!