Сарыағашта бір отар қойды ұрлап сатқан күдіктілер ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Сарыағаштық полицейлер жайылымнан бір отар қойды қолды еткен екі күдіктіні ұстады. Олардың бір түн ішінде мал жайылымынан 30-дан аса қойды көлікке тиеп әкеткені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктілер ұрланған қойларды 15-20 мың теңгеден сатып, ақшаларын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
"Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі - 1,5 миллион теңге. Тәртіп сақшылары бұдан бөлек олардың дәл осындай мал ұрлығына қатысты бес фактісін анықтады", делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұған дейін Түркістан облысында бір дүкенге үш рет ұрлыққа түскен ұрының ұсталғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:16, 30 қыркүйек 2024
Павлодарда қатарласы мен мұғалімін пышақтаған оқушы түрмеге тоғытылмайтын болды
-
22:00, 30 қыркүйек 2024
Футзалдан ӘЧ-2024: Қазақстан Аргентинадан жеңіліп қалды
-
21:20, 30 қыркүйек 2024
Екібастұзда төбелескен екі студент ауруханадан бір-ақ шықты
-
21:05, 30 қыркүйек 2024
«Күн сәулесі көзіме түсіп...». Атырауда полицейді көлік қағып кетті
-
20:49, 30 қыркүйек 2024
ШҚО-да тас жолда КАМАЗ өртенді