Футзалдан ӘЧ-2024: Қазақстан Аргентинадан жеңіліп қалды

22:00, 30 қыркүйек 2024

© Сурет: Instagram/kff_team_futsal

30 қыркүйекте Ташкентте футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасы Аргентинамен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші таймда ешқай тарап ерекшеленбеді, таблодағы ұпай: 0:0. Ал екінші таймда аргентиналықтар басым болып, қақпаға шабуылдарды үдетті, соның нәтижесінде алты гол соғылды.

Осылайша аталған матч 1:6 есебімен аяқталып, аргентиналықтардың пайдасына шешілді.

Қазақстан құрамасы соққан жалғыз голдың авторы Дәурен Тұрсағұлов болды.

Қазақстан-Аргентина 1: 6 (0: 0):

  • Роза 22 (0: 1),
  • Клаудио 27 (0: 2),
  • Арриета 29 - пенальти (0: 3),
  • Корсо 32 (0: 4),
  • Тұрсағұлов 34 (1: 4),
  • Алемани 34 (1: 5),
  • Арриета 36 - пенальти (1: 6)

Ойыннан шеттетілген ойыншы: Тұрсағұлов 36.

Осылайша, Аргентина жартылай финалға өтіп, енді Франциямен кездесетін болады, ал Қазақстан турнирді аяқтайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!