Алматы облысында тауда адасып кеткен Ұлыбритания азаматы табылды

09:13, 29 маусым 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ

Алматы облысының Ақтас үстірті ауданында таулы жерде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іздестіру жұмыстары барысында адасқан Ұлыбритания азаматын тапты. Құтқарушыларға иісшіл иттер көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі іздеу жұмыстарына арнайы құтқарушылардың кинологиялық есебі жұмылдырылған.

Жоғалған адамға медициналық көмек қажет болған жоқ.


Айта кетсек, 28 маусымда Түркістан облысында мал іздеуге шығып, тауда жоғалып кеткен қос жасөспірім аман-есен табылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!