Алматы мен Шымкент +15°С-қа дейін жылынады, Астанада аяз: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

16:29, 9 қаңтар 2026

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 10, 11 және 12 қаңтарға Алматы, Астана және Шымкент қалалары бойынша ауа райының егжей-тегжейлі болжамын ұсынды. Мамандардың мәліметінше, Қазақстанның оңтүстігінде көктемге ұқсас жылы ауа райы күтілсе, елордада аязды күндер жалғасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы бойынша ауа райы

  • 10 қаңтар: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.
  • 11 қаңтар: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 12 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде –9…–11°С, күндіз –1…+1°С.
  • 12 қаңтар: Ауыспалы бұлтты, кей уақытта қар жауады, боран, көктайғақ болады. Жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де 0…–2°С.

Алматы қаласы бойынша ауа райы

  • 10 қаңтар: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде –4…–6°С, күндіз +2…+4°С.
  • 11 қаңтар: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Әлсіз жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде –1…–3°С, күндіз +7…+9°С.
  • 12 қаңтар: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Ауа температурасы түнде –1…+1°С, күндіз +7…+9°С.

Шымкент қаласы бойынша ауа райы

  • 10 қаңтар: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түседі. Желдің екпіні секундына 5–10 метр. Ауа температурасы түнде –2…–4°С, күндіз +9…+11°С.
  • 11 қаңтар: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 14 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +13…+15°С.
  • 12 қаңтар: Ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +3…+5°С, күндіз +6…+8°С.

Бұған дейін 2026 жылы қазақстандықтар неше күн демалатындығын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!