Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
© Фото: pexels
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпарға сүйенсек, күдікті 2024-2025 жылдар аралығында Тараз қаласында өзін коммерциялық ұйымның қызметкерімін деп таныстырып, қаражатты инвестициялау арқылы жоғары табысқа уәде беріп, азаматтарды әртүрлі тауарларды көтерме сатып алу және кейіннен сату бойынша бірлескен кәсіппен айналысуға шақырған.
"Алайда ол өз міндеттемелерін орындамай, алған ақшасын жымқырып, қажеттілігіне жұмсаған. Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде Қазақстанның 6 азаматына жалпы 100 млн теңгеден астам залал келтірілген",- делінген ақпаратта.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
2025 жылдың тамызында күдікті Ресейде ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұған дейін екі өңірде ақбөкендерді заңсыз аулаған браконьерлер ұсталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 6 қаңтар 2026
Туристік жолдамалар мен алтын бұйымдар: Шымкентте көпті шырылдатқан күдікті әйел ұсталды
-
22:46, 6 қаңтар 2026
Венесуаладағы әскери операция Трампқа қарсы импичмент жариялауға түрткі болмақ
-
21:41, 6 қаңтар 2026
Жетісу облысында мұғалімдер шағымынан кейін мектеп директоры жұмысынан шеттетілді
-
21:28, 6 қаңтар 2026
«Тұман, боран, көктайғақ». Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:54, 6 қаңтар 2026
«Ақысын криптовалюта түрінде алған». Ақмола облысында есірткіні жасырын жерге қойып кетуші қолға түсті





