Алаяқтарға зейнеткерден 22 млн теңге алуға көмектескен ер адам 6 жылға сотталды
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қостанайда егде жастағы екі әйел алаяқтарға жалпы сомасы 23,5 млн теңге берген. Бірі немересін, екіншісі қызын қылмыстық жауапкершіліктен құтқарамын деп сенген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың 2026 жылғы 20 қарашада хабарлауынша, алаяқтар әйелдерге телефон соққан. Біріне немересінің жол апатына түскенін, ал екіншісіне қызының жол апатына себепкер болғанын айтқан.
"Алаяқтар әйелдерді жақындарын қылмыстық жауапкершіліктен құтқару үшін ақша беру керек деп сендірген. Қолма-қол ақшаны алуға Б. барған. Ол жәбірленушілердің біріне өзін Рүстем деп таныстырып, жалған ат айтқан. Екіншісіне берген ақшасы жеткіліксіз екенін айтып, екі рет барған. Жалпы шығын 23,5 млн теңгені құрады", – деп хабарлады сот.
Бірінші сатыдағы сот ер адамды аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырды. Апелляциялық саты үкімді күшінде қалдырды.
Сотталған ер адам үкімге кассациялық тәртіппен шағымданды. Ол тек курьер болғанын, алаяқтармен алдын ала сөз байласпағанын және келтірілген залалдың мөлшеріне қатысы жоқ екенін алға тартты.
Кассациялық сот оның алаяқтықтан бейхабар болғаны туралы уәжін негізсіз деп тапты.
"Екі жағдайда да алаяқтар жәбірленушілерді ақша беруге көндірген бойда Б. қолма-қол ақшаны алып, санап, әртүрлі шоттарға аударған. Ол әр аударым туралы сыбайласына есеп беріп, жымқырылған ақшадан өз үлесін алып отырған. Осы мән-жайлардың жиынтығы Б.-ның алдын ала бөліскен міндетке сай әрекет еткенін растады", – деп түсіндірді сот.
Сот екінші жәбірленушіге келтірілген залалдың даулы сомасын да тексерді. Залал 22 млн теңгені құраған. Бұл сома заңда аса ірі мөлшер деп тану үшін белгіленген шектен асады. Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот бұған дейін қабылданған сот актілерін өзгеріссіз қалдырды.
Бұған дейін тағы бір қазақстандық алаяқтық үшін сотталып, кейін бостандыққа шыққан еді. Кассациялық соттың шешімінен кейін ол қайтадан түрмеге қамалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:33, 20 қараша 2026
Италиялық клуб итпен келісімшартқа отырды
-
10:24, 20 қараша 2026
Арнайы экономикалық аймақтарда жер бөлу тәртібі жаңарды
-
10:16, 20 қараша 2026
Қала ұйқыға кеткенде түнгі Алматының тіршілігін кім қамтамасыз етеді
-
10:03, 20 қараша 2026
Күн суығанда қауіп артады: ТЖМ көлік жүргізушілеріне маңызды ескерту жасады
-
09:59, 20 қараша 2026
Қазақстан алғаш рет БҰҰ рейтингінің үздік 20 елі қатарына және ең жоғары рейтингілік топқа енді





